$ 447.4  477.55  4.76

Жыныс мүшесін ауыстырған трансгендер 2 мың еркекпен төсектес болғанын айтты

Англияның оңтүстігіндегі Брайтон қаласында тұратын 48 жастағы Кристофер Сноуден (қазіргі екінші аты Кристал Уоррен) 14 жыл бұрын жыныс мүшесін ауыстырған. Әйелге айналған ол осы уақыт ішінде 2000 еркекпен төсектес болыпты деп жазады Mirror басылымы. Қартайғанына қарамастан ол мұнымен тоқтап қалмайтыны айтып отыр.

Кристал операция жасағанның ертесінде-ақ жыныстық қатынасқа түсе бастаған. Айына ол орта есеппен 100 еркекті қабылдайды екен. Қазіргі уақытта төсектестерінің саны 2 мыңға жетіпті. Елу жасқа дейін санын 3000-ға жеткізуді ойлаған ол еркектерге өзінің бұрын «жігіт» болғанын айтпайды екен.

«Төсектес болған адамдармен кездейсоқта жолығатындықтан оларға жеке өмірімді айтуға мүмкіндік туа бермейді. Бірақ, мен неге өзге адамдармен операциям туралы әңгіме қозғауым керек? Төсекке кірер кезде ешқандай әйел мұндай тақырыпты қозғамайды деп ойлаймын. Ең бастысы қазір мен әйелмін ғой», - дейді Кристал.

Өзінің айтуынша, бірде ол тоғыз еркекпен бір уақытта жыныстық қатынасқа түскен. Бұл үшін дым қымсынбайды да. Керісінше өмірдің бар «қызығын» көргісі келеді екен. Өйткені бұрын еркек болып тұрғанда, өз денесін жақсы көрмепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары