Қытайдың қаржы компаниясы қарамағындағы нәзік жандыларға басшылық рұқсатынсыз босануға тыйым салып отыр, деп хабарлайды ВВС.
Әлеуметтік желілерде жарияланған компанияның ішкі құжаты фирмада бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан, тұрмыс құрған әйелдерге ғана бала тууға рұқсат етеді.
Ал басшылықтың рұқсатынсыз жүкті болған барлық қыз-келіншектерге компания 161 доллар көлемінде айыппұл салып, бұған қоса барлық сыйақы мен мансаптық өсу мүмкіндігінен айырмақ.
Аталған құжат Қытай жұртының арасында үлкен дау туғызды. Мемлекеттік БАҚ компанияның адамгершілікке жатпайтын мұндай әрекетін қатты сынға алуда. Ал фирманың өзі әзірге бұған қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.