Шымкент қаласында 16 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті деп жазады Otyrar.kz. Журналистерге бұл туралы куәгерлер айтқан көрінеді.
Тоғыз қабатты үйдің тұрғындарының сөзіне сенсек, 9-шы сынып оқушысы сүйікті қызымен ренжісіп, өмірімен қош айтыспаққа бел буған екен. Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
Бұл ақпаратты құзырлы органдар әлі ресми түрде растаған жоқ.