06.07.2015, 18:00

Сара Назарбаева Елбасын хат арқылы құттықтады

russian.eurasianet.org

"Біздің қымбатты президентіміз, Сізді осынау ерекше күнмен құттықтаймын! Бірінші кезекте сізге ұзақ өмір тілегім келеді. Мен тәуелсіздігіміз қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Сіздің орыныңызда көп адам бола алмас еді ғой деп жиі ойлаймын.

Сіздің арқаңызда біз сол жолды топалаңсыз, билік үшін талассыз өте алдық. Біз елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай алдық. Мен бар жүрегіммен Сізді қостаймын және соңына дейін Сізді қолдаймын. Сіз тек жақсы Елбасы емес, жақсы адамсыз, мен оны сеземін. Сіздің әрдайым бақытты болғаныңызды қалаймын! Денсаулық тілеймін, себебі табиғи байлығы мол, аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстан сияқты елдің Президенті болу оңай емес. Сізді тек адал әрі жақсы адамдар қоршасын".

Бұл Сара Назарбаеваның Қазақстан Президентін құттықтап жазған хатынан үзінді.  

"Әжем менің тәрбиемде үлкен рөл атқарды... Менің ата-анам бір сыныпта оқып, 18 жастарында үйленген, көп ұзамай мен өмірге келдім! Әжем жастарға бар жағынан көмек көрсетті. Атам мен туылғанда өмірден өтті, сондықтан менің есімде жоқ", - дейді Сара Назарбаева.

Ол не себепті Қазақстан Президентін газет арқылы құттықтағысы келгенін де жасырмады.

"Мен мектеп жасынан бастап адамдардың назарында болуға үйрендім. Мысалы: "Менің аты-жөнім шынында осындай ма?" деген сияқты сұрақтарға байсалды жауап беремін. Әрине, ерекшеленген жағымды. Мен қазір Сүлейман Демирель университетінің филология факультетінің төртінші курсында оқимын. Мен өз болашағымды жоспарлауға тырысамын және менде әрдайым жаңа мақсат бар. Бірақ олармен бөлісе беруді ұнатпаймын. Ең әуелгі жоспарларымның бірі - оқуды бітіріп, өз университетімде немесе қазақ-түрік лицейінде сабақ беру", - дейді студент қыз.

Отбасындағы жалғыз перзент болған соң оған Президенттің жарының есімін беруді, Сара деп атауды әжесі ұсыныпты. Қызылорда қаласының тұрғыны Сара Назарбаева есімді 21 жасар студент қыздың ел Президентін құттықтағысы келген өтінішін "Комсомольская правда" газеті орындады.

"Шын ақпарат"