06.07.2015, 18:00

Астана күніне арналған отшашудан екі адам жарақат алды

www.youtube.com

Атырауда Астана күніне арналған мерекелік кеш кезінде отшашуға арналған приотехникалар жарылып кетіп, екі адам жарақат алды деп хабарлады 24.kz.

Оқиға сағат 22:30 шамасында болған. Жарылыстан екі адам жарақат алды. Олардың бірі – техникалық қызмет көрсетуші компания өкілі және екіншісі – полиция инспекторы деп хабарлайды облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Техникалық қателіктерден болған жарылыстан зардап шеккен екі азаматқа жедел медициналық қызмет көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Абырой болғанда, мерекелік гала-концертке жиылған көпшілік дін аман. Қазір құзырлы орган өкілдері осы оқиғаға қатысты тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.