Тараза 2 жасар қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«12 мамырда Тараз қаласында күндіз сағат 11-лер шамасында екі қабатты жеке үйде ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар қыз бала байқаусызда екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қазір бала ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар үйде кішкентай бала болғанда терезені ашық қалдырмауды, терезе шыбын-шіркейге қарсы торланған болса бекітпе орнату, болмаса бала терезені аша алмайтындайы арнайы құлып салу, балалардың үлкендеріне кішкентайларды қадағалауды үйретуді сұрайды. Тіпті болмаған жағдайда баланы үйде қалдырмай ата-ана өзімен бірге ала кетуі керек.