13.05.2018, 04:11

Оралда ата-енесін атып тастаған ер азамат 2 айға қамауға алынды

Орал қалалық сотының қаулысымен енесін атып өлтірген Р. деген күдіктіге қатысты екі айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, оған ҚР ҚК 99-бабына сәйкес айып тағылды. Осыған орай тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салайық, Осыдан бірнеше күн бұрын Оралда ер азамат суық қаруланып, бұрынғы әйелінің үйіне келіп, қайын атасы мен енесін атып тастаған болатын. Әйел сол жерде қаза тапса, 1951 жылғы ер азаматтың өмірі үшін дәрігерлер әлі күресуде. Сұмдық оқиға кішкентай баланың көзінше болған.