13.05.2018, 10:03

Астанада 3 жасар бала 16 қабаттан құлап мерт болды

Астанада 3 жасар сәби үйдің 16-қабатынан құлап кетті деп жазады Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі растап отыр.

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні сағат 12:12-де болған Иманов көшесіндегі "Рахат" тұрғынүй кешенінде болған. 

"Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы бала 16-қабаттан құлап кетіп, алған жарақаттары салдарынан көз жұмды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.