$ 494.87  520.65  4.91

Есік қаласында атыс болып, бір полицей қаза тапты

Алматы облысы Есік қаласында атыс болып, салдарынан екі адам жараланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жараланғандардың бірі ауруханада көз жұмған.

Кей мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан адам жергілікті ішкі істер басқармасының қызметкері болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға мамырдың 7-нен 8-не қараған түні болыпты.

Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасының мамандары 8 мамырға қараған түні сағат 03:00-де оқ жарақатымен екі ер адамның жеткізілгенін растады. Олардың бірі 31 жастағы полицей екен, ол 11 мамыр күні ұзамай қайтыс болған. Марқұм оқ жарақатынан бөлек те көптеген соққы алған көрінеді.

Екінші жараланған адамның жағдайы тұрақты. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Оқ жарақатынан бөлек оның аяғы сыныпты. Науқас 1986 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары