$ 494.87  520.65  4.91

Орал маңында шашылып жатқан адам сүйектері мен киім қалдықтары табылды

Оралдағы «Тополек» саяжайы маңынан жергілікті тұрғын адамның сүйектері мен киім қалдықтарын тауып алған деп хабарлайды «Уральская неделя».

Өз есімін белгісіз қалдырған ер адам балық аулауға шыққанын айтып отыр. Ол балыққа қажетті жауынқұрттарын қазып алмақ болған сәтте адам қалдықтарына тап болған. Ер азамат дереу полиция мен журналистерге хабар беріпті.

Адам сүйегі мен киім қалдықтарының табылғанын оқиға орнына жеткен журналистер де растап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары