$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде күйеуі үйінен қуып шыққан 39 жастағы әйелдің балалары туберкулез болуы мүмкін

Облыстық ІІД таратқан мәліметтерге сүйенсек, 39 жастағы азаматшаны 60-тан асқан күйеуі бір баласымен үйінен қуып шыққан. Қалған балаларын отағасы өзімен бірге алып қалған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл жайт Алға ауданының әкімдігінде қаралып, зардап шеккен азаматша балаларын түгел қолына алды. Кейін ол Ақтөбедегі «Малика» дағдарыс орталығына орналастырылады.

«Бұл отбасының келешекте тұрғын жайын, жұмысқа тұру мәселесін дағдарыс орталығы өздері қолға алды. Азаматшаның балалары бұрын туберкулезбен ауыратын әкесімен ұзақ уақыт бірге тұрғандықтан, олар облыстық «Шағала» шипажайына 6 айға емделуге жіберілді», — деп хабарлайды жергілікті полиция қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары