$ 498.34  519.72  4.85

Түріктер қытай билігіне қарсылық білдіріп жатыр

Қытайдың сыртқы істер министрлігі азаматтарын Ыстамбұл және түріктердің өзге де аса ірі  қалаларында қытайларға қарсы наразылықтың күшейіп тұрғанына байланысты бұл елде сақтанып жүруге шақырды.

Түріктер Қытайдың Синцзян аймағында тұратын осы елдегі азшылықты құрайтын ұйғыр мұсылмандарға қытай билігінің қасиетті Рамазан айында ораза ұстауына және өзге де діни парыздарын орындауына тыйым салып, қысым көрсетіп отырғанына наразылық білдіруде. Өткен демалыс күнінде Ыстамбұл қаласында шеруге шыққандар жергілікті қытай мейрамханасының терезесін шағып кеткен еді. Түркия билігі өз кезегінде осы елдегі Қытай елшісін шақырып алып, ұйғыр мұсылмандарға неліктен мұндай қысым көрсетіп отырғанына түсінік беруін талап етті. Бұған қоса, Түркия билігі босқын ұйғырларды қабылдауға дайын екендерін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары