07.07.2015, 18:00

Миланда Елорда күні тойланды

Миланда Елорда күні атап өтті. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Expo 2015» көрмесіне келген 1000-нан аса адам Ұлттық павильонда Қазақстанның Елорда күнін тойлады. Іс-шараға ҚР-ның Италиядағы елшісі Адриан Елемесов, «Expo 2015» көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуино, сондай-ақ, Катар, Румыния, Беларусь, Словакия және Ұлыбритания секілді басқа да көрмеге қатысушы елдердің комиссарлары қатысты», делінген хабарламада.

Мерекелік ағдарлама аясында «Шалқыма» халық би ансамблі, «Байжан», «Аюми» топтарының және Айзада Қапонова, Азат Мәлік, Айгерім Ерғалиева, Салтанат Байжұманова, Ботакөз Қалиева, Гүлмира Жұмабекова, Оралхан Алтынбеков, Аугусто Амикуччи, Меруерт Мүсірәлі, Маржан Арапбаева секілді халықаралық байқаулар лауреаттары жиналғандарға қазақ өнерін паш етті.

Сонымен қатар, қонақтар Астананың дауы жолы туралы фильмді тамашалап, 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне шақыру алды.