Атырау облысында дәретқаналардың бірінен тірі сәби табылды деп жазады «Ақ Жайық» газеті.
7 шілдеде аудандық ішкі істер бөліміне Құлсары қаласында дәретхана шұңқырынан жаңа туған сәби табылғаны туралы хабарламасы түсті.
ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, тергеу-жедел бригадасы оқиға орнына барған кезде, ол жерде адамдар көп жиналып қалғанмен ешкімнің әрекет жасауға батылы бармай тұр екен. Кіндігі кесілмеген күйі шұңқырда жатқан сәбиді
Полицейлер дәретхананы құлатып, кіндігі де кесілмеген сәбиді құтқарып алды. Полицейлер сәби анасының Құлсары қаласының 22 жастағы тұрғыны, 2-топ мүгедегі екенін анықтады. Қазір оқиға барысы анықталуда.