Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз орталығы.
"Кездесуге Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айдын Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне Айдын Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.