Мамандардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Дертті дәл табу қиын, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қауіпті дертпен ауыратын науқастарға әдетте сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылып жатады.
Сүт безі басқа органдардың зақымдануынан, әсіресе, бауыр эхинококкозымен болуы мүмкін.
Екі әйелдің сүт безінен құрт табылды. 29 жастағы әйелге қатерлі ісік диагноз қойылғанымен, онысы расталмайды. Науқастың төсінен паразитті құрт бары анықталды. Ол ұзақ уақыт бойы бауыры ауырып, есепте тұрған. Қазір Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институтына емделу үшін жіберілді.
Екінші жағдай 50 жастағы әйелге қатысты. Ол да бес ай бұрын бауырын емдеткен. Ол маммолог маманымен кеңесіп, бауырын хирургиялық жолмен емдеген.
Кеуде эхинококкозы – сирек кездесетін және нашар зерттелген патология. Бұл дерт, әсіресе, эндемиялық аймақтарда кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, эндемиялық аймақтарға Қазақстанның оңтүстік өңірі жатады.