Жаңалықтар 22.05.2018 сағат 17:05  550

Алапат дауыл Петропавлдың да астан-кестеңін шығарды

Бүгін Астананы бір шайқап алған дауылды жел Петропавл тұрғындарын да әбден әбігерге салды. Қаладағы ғимараттардың шатырлары ұшып, кран құлады деп жазады Қазақпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жаңбыр мен дауылды жел санаулы секундтарда қаланы басып қалды. Ол аз ғана уақыт тұрғанымен біршама шығын келтірді.

Петропавлдағы 20 шағынауданда құрылыс краны құлады. СҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында департаменттің жедел тобы жұмыс істеуде. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар дауылдың тигізген салдары жайлы фото және видеоларды жүктеуде. Олардың бірінде құлаған ағаштың автомобильді басып қалғаны көрсетілген. Сондай-ақ, сұрапыл жел 20-шағынауданда бірнеше сауда жасайтын шатырлы дүкендерді және аялдаманы аударып, ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар