$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте 9 жасар оқушы қызды көлік қағып, бірнеше метр жерге ұшырып жіберген (ВИДЕО)

Шымкентте тоғыз жастағы мектеп оқушысын жеңіл көлік қағып, бала бірнеше метрге ұшып кеткен деп жазады sputniknews.kz.

Зардап шегушінің анасы айтқандай, қыз бала әртүрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылыпты.

"Жүргізуші қыз оқушыны өткізудің орнына, қағып кеткен, бала жаяу жүргіншілер өткелінен жеті метрдей жерге ұшып кетті. Жүргізуші бірден тоқтаған жоқ, сөмкесі дөңгелек астында қалды", — деді оқушының анасы TVK басылымына берген сұхбатында.

Облыстық балалар ауруханасы берген мәліметке сүйенсек, баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, жол апатынан кейін тез сауығып келеді.

"Қыз бала 15 мамырда бас жарақатымен түсті, миы шайқалған. Тиісті процедуралардың өткізіп, томографияға түсірдік, жеті күннен соң ауруханадан шығады. Жағдайы қанағаттандырарлық. Баланы көз дәрігері де қарап шықты, алаңдайтын ештеңе жоқ деп айта аламыз", — деп хабарлады нейрохирург Мұхтар Әбдіқадыров.

Оқушыны қаққан көліктің тізгінінде 27 жастағы қыз баласы болыпты. Жәбірленушінің анасы ол жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Баланы қаққанымен қоймай, ол оқиға орнына жедел жәрдем де шақырмаған. Тіпті, алғашқы көмек көрсетпей, өз көлігінің майысқан жеріне алаңдаумен болған дейді. Полицейлер көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары