09.07.2015, 18:00

Ақ халаттылар өз кінәларын мойындады

www.ktk.kz

Ақмола облыстық перинаталдық орталығында шу шықты. Бұл жолы әйелді босандыру кезінде нәрестесі шетінеп кетті. Қазір ананың өзі де жансақтау бөлімінде жатыр. Ал жақындары бұған дәрігерлерді кінәлауда. Қазіргі таңда перзентханада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды  «КТК» арнасы.

Айман Қантарова бірнеше күннен бері бас дәрігермен кездесе алмай жүргендігін айтады. «Бұл жердегі барлық кінә, ақ халаттылардың жауапсыздығынан болып отыр», –  деп ашынады туыстары. Ақмола облыстық перинатальдық орталығының бас дәрігері Ермек Мұхаммедиевте дәрігерлер тарапынан қателіктердің кеткенін мойындап отыр. «Қорытынды шешімді күтуіміз керек деді. Бізден де қателіктер кеткендігін жоққа шығармаймын. Бұл жағдайда тексеру жүргізіліп жатыр, арнайы сараптама әлі дайын емес», – дейді. Ал жақындары болса, бұл іске қатісті дәрігерлердің жұмыстан босатылыуын сұрап отыр.