$ 491.7  531.28  5.07

Алматыда менингитке шалдыққан студен қайтыс болды

Алматыда бірінші курс студенті менингококк инфекциясына шалдығып, ауруханада көз жұмды. Бұл ақпаратты Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті растап отыр.

"Кеше таңертең бірінші курстың студенті аурухана түсті. Ол сол күні кешке ауруының асқынуынан көз жұмды", - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда менингитке шалдыққан үш адам бірінен соң бірі қайтыс болған еді. Олардың біреуі балабақшаға барып жүрген кішкентай бала. 23 мамырға дейінгі мәлімет бойынша, қала бойынша барлығы 51 адам осы аурумен дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары