$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ хандығының 550 жылдық тойы қай қалада өтетіні белгілі болды

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шаралар негізінен Астана мен Тараз қалаларында өтетін болады. 

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев мəлімдеді. «Биылғы жыл еліміз үшін айтулы мерейтойларға толы болып отыр. Солардың ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығын абыроймен өткізу өте маңызды. Аталған тойдың басты шаралары Астана мен Тараз қаларында өтеді. Қыркүйектің 11 күні Астанада жəне қазан айының 9 күні Таразда үлкен той өткізу жоспарланған. Бұл үшін ҚР Үкіметі тарапынан кешенді шаралардың жоспары жасалды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары пысықталуда»,- деді Б.Сапарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары