Алматыда Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апатын жасады деп хабарлайды СТВ телеарнасының тілшілері.
Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болды. Куәгерлердің айтуынша, көліктің тізгініне ие бола алмай қалып, жоғары жылдамдықта жол бойында тұрған адамды келіп қаққан. Ер адам ұшып кетіп, бағанаға соғылыпты. Алған дене жарақатынан ол сол жерде көз жұмды.
Ал, Mercedes-Benz автокөлігі бірнеше мәрте аударылып, 100 метрдей жерге ұшып кеткен. Оның жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қайтыс болған адамның кім екені енді анықталатын болады.