$ 491.7  531.28  5.07

Қостанайда саяжай өртеніп, үй иесі қаза тапты

Қостанайда саяжайлардың бірінде өрт шығып, үй иесі - әйел адам қайтыс болды деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

«Қостанай қаласының шетіндегі саяжай үйлерінің бірінен өрт шықты. Үйдің кіреберісі мен жазғы асханасы жанып кетті. Саяжай үйі маңындағы моншаның төбе жабындысы, ағаш еден, қабырғасы мен төбесін күйік шалды. Өрт сөндіру кезінде монша ішінен 1967 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала болжам бойынша, өрт саяжай үйінде қысқа тұйықталудан соң шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары