29.05.2018, 17:27

Менингит Астанаға жетті: 3 жасар бала ауруханада

Астанадағы балалардың инфекциялық ауруханасына менингитпен үш жасар бала түсті. Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады, деп жазады ҚазАқпарат.

"2018 жылы 29 мамырда сағат 13:12-де қалалық инфекциялық балалар ауруxанасына 3 жас 5 айлық бала түсті. Алдын ала диагнозы - "Менингококк инфекциясы, генерализдік формасы (ондайда инфекция адам ағзасының біраз органдарына тарап кетеді - авт.) Менингит + Менингококцемия". Қазіргі кезде зертxаналық зерттеу мен емдеу шаралары атқарылып жатыр. Нақты диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесі бойынша қойылады", - делінген ресми xабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Барлық емдеу шаралары клиникалық xаттамалар мен диагностика бойынша жүргізіліп жатыр.

"Жалпы, қала бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Балалар арасында менингококк инфекциясы тіркелмеген", - дейді басқарма мамандары.