Ертең Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Ертең Астана қаласында оңтүстік-батыс, батыстансоғатын желдің екпіні15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/ссоғып, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с және одан да күшті болуы мүмкін. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
31 мамырда Петропавл қаласында оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-95 пайыз.