$ 449.58  486.94  4.86

«Славян базары-2015» Гран-Приін Димаш иеленді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Витебскте өтіп жатқан эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық конкурсының"Славян базары-2015" конкурсының Гран-Приін иеленді.

Бұл туралы Instagram парақшасында әнші Әлішер Кәрімов сүйінші сұрай жазды. Сондай-ақ, ол балаларға арналған конкурста Луиза Нұрқуатованың жүлдегер атанғанын да жазды.  

«Қазақстан!!! Сүйінші! 24 жылда біздің еліміз Славян базаы жүлдесінің Гран -приін алғаш рет иеленді!!! Балаларға арналған конкурста Луиза Нұрқуатова жүлдегер атанды! Біздің еліміз таланттарға бай. Алға Қазақстан!!! Бұл видео кең таралады деп сенемін, себебі бұл жеңіс туралы бүкіл Қазақстан білу керек!!!!!!», - деп сүйіншіледі ол.

Димаш Құдайбергенов Қазақстан тәуелсіздік алған 24 жылда "Славян базары-2015" байқауының жеңімпазы атанған алғашқы әнші. Үш күнге жалғасқан шарада қазақстандық топ оқ бойы озық болды.

Димаш конкурстың бірінші күнінде-ақ, көш бастаған еді. Құдайбергенов Константин Меладзенің "Опять метель" әнін орындады. Қазылар алқасының Латвия өкілі Интарс Бусулистен басқа мүшелері түгелдей ең жоғары балл берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары