$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында ішімдікке тойып алған әйел далада үсіп қайтыс болды

30 мамыр күні Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Макинка ауылының тұрғыны жаздың келуіне 1 күн қалғанда далада үсіп қайтыс болды деп жазады Sputniknews.kz.

Көршілері әйелдің өлі денесін даладан тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм үсіп қайтыс болған.

«Әйел 1975 жылы туған. Отбасы, бала-шағасы жоқ. Әзірге нақты неден өлгені жайлы айта алмаймыз. Медицина сараптамасы жоқ», – дейді Макинка ауылдық округіндегілер.

Әйелдің ішімдікті көп ішкені белгілі болған. Жұмысында да қиындықтар болыпты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары