30 мамыр күні Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Макинка ауылының тұрғыны жаздың келуіне 1 күн қалғанда далада үсіп қайтыс болды деп жазады Sputniknews.kz.
Көршілері әйелдің өлі денесін даладан тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм үсіп қайтыс болған.
«Әйел 1975 жылы туған. Отбасы, бала-шағасы жоқ. Әзірге нақты неден өлгені жайлы айта алмаймыз. Медицина сараптамасы жоқ», – дейді Макинка ауылдық округіндегілер.
Әйелдің ішімдікті көп ішкені белгілі болған. Жұмысында да қиындықтар болыпты.