$ 439.43  473.31  4.82

Оралда 5 жасар бала мен ер азамат құдықта газға тұншығып өлді

Қайғылы оқиға Орал қаласына жақын саяжайда болған деп жазады «Мой город».

Мәлім болғандай, күтпеген жағдай 31 мамырда бау-бақша серіктестігі ауданындағы Дерқұл ауылында орын алған.

Тұрғындардың айтуынша, бірінші құдыққа бала құлап кеткен. Оны құтқарамын деп ер азамат артынан түсіпті. Бірақ ішіндегі газдан уланып, екеуі де сыртқа шығып үлгермеген.

«31 мамыр, сағат 14.25-те хабарлама түсті.  5 жасар бала мен 30 жас шамасындағы ер азамат оқиға орнында жедел жәрдем жетпей көз жұмды», – дейді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары