Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында «Ваз-2107»автокөлігін тізгіндеген жүргізуші абайсызда 9 жасар баланы мерт қылды, деп хабарлайды SkifNews.kz.
ШҚО ІІД хабарлауынша, бала оқиға орнында жан тапсырған. Деректерге сүйенсек,жеткіншек жаяу жүргіншілер жолымен емес,автокөлік жолағынан жүгіріп шыққан.
Жол апатының нақты себептері анықталуда.