24 жастағы Липец тұрғыны өзінің 3 жасар баласын ғаламтор арқылы сатпақ болған. Ол баласын 1,5 млн рубль-ге бағалаған, деп хабарлайды SkifNews.kz «НТВ» арнасына сілтеме жасап.
Өз ойын жүзеге асырмақ болған қатыгез әке, ғаламтор арқылы хабарландыру таратады. Көп уақыт өтпей-ақ, 10 шілде күні ол сатып алушылармен де кездеседі.
Жігіт, полиция қызметкерлеріне түсінікті беру кезінде, өз әрекеті үшін еш өкінбейтіндігін жеткізген. Ол баласының ештеңеден таршылық көрмей өскендігін қалаған.
Тергеу амалдары жүргізілуде. Ал 3 жасар сәби балалар үйіне орналастырылды.