04.06.2018, 03:35

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған қыз Семейде өлі табылды деп жазады ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде із-түссіз жоғалған 18 жасар Әйгерім Әміренова Семей қаласының маңында өлі табылды.

«Бұл сұмдық оқиғаны оның анасы растады. Қыздың денесі қаладан 22 шақырым жердегі ауылдардың бірінің маңайынан табылған»,- деді «Rina KZ Семей» еріктілер қозғалысының көшбасшысы Евгения Павел.

Анықталғаны, өзен жағасынан табылған Әйгерімнің денесінде зорлау белгілері болмаған.