$ 439.43  473.31  4.82

Алматы облысында 12 турист отырған көлік аударылып кетті

Алматы облысында туристер отырған көлік аударылып қалды деп хабарлайды аймақтық жедел-құтқару тобы. 

Оқиға Текелі маңындағы Черкасай шатқалында болған. 12 адам отырған ГАЗ-66 маркалы көлігі аударылып қалған, олардың ішінде төрт адам ауыр жағдайда жатыр. ТЖ туралы ақпарат 2018 жылдың 3 маусымында сағат 15:30-да келіп түскен. 

"15:40-та жедел-құтқару тобының жеті қызметкері КамАЗ-Нефаз көлігімен оқиға орнына жедел аттанды. Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді, ары қарай оларға дәрігерлер білікті медициналық көмек көрсету үшін Текелі қалалық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары