13.07.2015, 18:00

Ірі компания директоры қарамағындағы қыздарға қырғидай тиіп жүр

Сурет,www.local.com

Орал қаласының «Өрт сөндіруші» АҚ  компания қызметкері өзін бастығы зорламақ болды деп шағымданды деп жазады «Мой город» парталы.

 

«Шілденің 10 күні кешкі уақыт болатын. Бастық қоңырау шалып, жұмысқа тездетіп келуімді өтінді. Сол  кезде  колледж  түлектеріне диплом табыстау сәті болып жатқан. Мен келдім де сөмкемді бірінші қабатқа қалдырып, бастықтың бөлмесіне бардым. Бастапқыда  маған шәй ұсынды, бастық болған соң бастартуға ыңғайсыздандым. Сәлден соң есікті құлыптап, жарықты өшірді. Қорыққанымнан не істерімді білмей қалдым. Ол маған жаман ниетін жүзеге асырмақ болды. Бірақ мен барымша қарсылық көрсетіп сытылып шықтым.

Қанша жерден билік қолында болса да ар, намыс, ұят деген қасиеттерден айырылмау керек қой», - дейді зәбірленуші келіншек.

Оның айтуынша, мұндай әрекет директор тарапынан бірінші рет жасалып тұрған жоқ, ол бұған дейін бірнеше рет саунаға барып, номер жалдауды ұсынған, бірақ ол бас тартқандықтан сыйақыдан қағылыпты.

Ол 10 шілде күні Абай аудандық полиция бөліміне зорлау әрекеті туралы арыз түсірді. Сол күні ол болған жағдайды компанияның Астанадағы бас кеңсесіне хабарлады. Компания кеңсесіндегілер "Мой город" порталының тілшілеріне директордың еңбек демалысында екенін және қанда қанттың көбеюіне байланысты ауруханада жатқанын хабарлады.