05.06.2018, 03:07

Семейде бес жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Семейде бес жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«4 маусым күні 19:50-де Семейдегі он қабатты тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала пәтердің (2-қабат) терезесінен құлап түсіп, ауруханаға жеткізілген», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.