13.07.2015, 18:00

«Қазақстан дауысын» Рүстем Нұржігіт таңдайды

vk.com

«Қазақстан дауысы» жобасында аяқасты өзгерістер орын алды. Екі маусым бойы байқауға қатысушыларға тәлімгер болып келген танымал қазақстандық әнші Медеу Арынбаев мега-жобадан кетті.

Үшінші маусымда оның орнына отандық эстрада орындаушысы, белгілі тележурналист Дана Нұржігіттің інісі Рүстем Нұржігіт келді. Ол туралы «Қазақстан дауысы» жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады.

«Қазақстан дауысының» жаңа маусымы «Қазақстан» телеарнасында эфирге 20 қыркүйекте шығады.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында еліміздің төрт қаласында іріктеу кезеңдері өтті. Бас жүлде – 5 млн. теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады.

Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. Таланты мен тәлімгерден алған білімінің арқасында алға озған үміткер жеңімпаз атанары сөзсіз.

Тегтер: Мега жоба