$ 498.34  519.72  4.85

Қырғыз жастары қыз алып қашуға қарсылық акциясын өткізді

Бішкектегі «Ала-Тоо» алаңында жоғары оқу орындарының студенттері қыз алып қашуға қарсы флешмоб өткізді деп жазады centralasian.org.

Қатысушылар бойжеткендерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырған транспаранттар ұстап тұрды. Акцияға шамамен 2 мың адам қатысқан. Олар флешмоб эстафетасын республиканың өзге облыстарына берді.

27 мамырда Шу облысы Жайыл ІІД бөлімшесінде 20 жастағы бойжеткен Бурулай Турдаалықызы өлтірілді. Оны алып қашқан жігіттерді ұстап, бәрін полиция бөлімшесіне алып келген кезде, өзіне қалыңдық еткісі келген жігіт пышақтаған. Жігіт өзіне де қол жұмсап өлмек болған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Бұл іс бойынша, 23 милиция қызметкеріне "Немқұрайдылық танытты" деп қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары