$ 444.32  473.33  4.76

Данияр Елеусінов кәсіби рингте екінші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Prosports.kz.

Данияр Елеусінов Лондондағы York Hall ойын-сауық кешенінде кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді. Алты раундтық кездесуде оның қарсыласы венгриялық боксшы Золтан Шабо (24-11, 10 КО) болды. Данияр төрешілердің шешімімен 65:64 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусинов 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өзінің кәсіби дебютін жасаған болатын. Үшінші раундта ол америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары