Оралда бүгін №5 бағытпен жүретін автобусқа кран көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 6-шағынаудан 51-үй аялдамасы маңында орын алды. Жедел жәрдем сағат 09.29-да шақырылып, бригада жеті минуттан кейін жеткен.
1992 жылғы қыздың миы шайқалған. 1985 жылғы әйел ішінен жарақат алған. 1982 жылғы әйел басын соққан. Олардың үшеуі де қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Соңғы екеуі амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.