$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жұмыссыз жастар көбейді

Қазақстанда жұмыссыз жастар саны екі есеге артты. Бір жыл ішінде жұмыспен қамту мәселелерін бастан кешкен жастардың саны 4,5 пайызға артып, 84 мыңға жетті. Бұл туралы finprom.kz сайты жазады.

2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз жастардың деңгейі 4,1% -ды құрады, өткен жылдың көрсеткіші- 3,9% болған. Жұмыс күші 1,2% (24,6 мың адам), 2,05-ден 2,07 миллион адамға дейін өсті.

Жұмыспен қамтылған халық 1,1% -ға (21 мың адамға) артып, 1,97-ден 1,99 миллион қазақстандыққа өсті. Олардың ішінде жұмыскерлер саны 3,8% -ға, яғни 1,53 миллионды құраса, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 7,1% -ға азайып, 459,3 мың адамға жетті. Жұмыссыз жастардың саны 4,5% (3,6 мың), 80,4-ден 84 мың адамға дейін өсті.

Айта кететін жайт, Алматыда ең көп жұмыссыз жастар (16,2 мың жас) орналасқан.  Бұл ҚР-да 15-28 жастағы жұмыссыздардың жалпы санының 19,3% -ын құрайды.

Дереккөз: arhar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары