$ 449.58  486.94  4.86

Жаңаөзен маңында екі көлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының маңындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, нәтижесінде Toyota Avalon автокөлігі өртеніп, бірнеше адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Lada.kz жазады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 10 маусымда сағат 20: 00-де Жаңаөзенге баратын тас жолда орын алған. Олардың сөзінше, Lexus ES 330 автокөлігі тас жолмен көтеріле бергенде алдындағы көлікті басып озбақшы болған. Осылайша, қарсы бағытқа шыққан көлік Toyota Avalon маркалы автокөлігімен соқтығысып қалған. Соның нәтижесінде Toyota Avalon көлігі толығымен өртеніп кетті.

Жаңаөзен қаласының орталық қалалық ауруханасында хабарлағандай, оқиға орнында көптеген сынықтар алған бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде дәрігерлер рентген сәулелерін жасауда, ал қалған мәліметтер кейінірек жария етіледі, деп уәде етілді.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары