Қанат Ислам аяғын жарақаттап, ауруханаға түсіп қалды. Бұл турады ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі Профи Бокс Казахстана тобында жарияланды.
«АҚШ-тағы жаттығуда аяғымды жарақаттап алдым. Соған байланысты 23 маусым күні өтетін жекпе-жегім кейінге қалдырылды. Жанкүйерлерім рингке шығатын күнді ұзақ күткенін білемін. 2 айдан соң ораламын», – деді Қанат Ислам.
Еске сала кетейік, 23 маусым күні Лос-Анджелесте Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамоға қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болатын.