$ 491.7  531.28  5.07

Қазақстанда көлік жүргізу куәлігі жетіспей қалуы мүмкін

Ішкі істер министрлігінде бұл құжатты басып шығаруға қаржы таусылыпты. Бірақ сенаторлар қолда бар ақшаны ұқсата алмай отырған бас полицейдің өзіне шүйлікті деп хабарлайды КТК телеарнасы.

“Өрт сөндіретін көліктерге арналған депоның құрылысына деп жасалған 15 жобаның тек төртеуі ғана жүзеге асырылуда. Былтыр төрт жобаның мерзімі өтіп кетті. Ал оны әзірлеуге бюджеттен 86 миллион теңге жұмсалған. Тағы 100 миллион теңгелік жеті жоба 2018-2020 жылдардың бюджетіне кірмей қалды. Яғни қазынаның 186 миллион теңгесі далаға кетпек. Бұған кім жауап береді?” – деді Сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева Төтенше жағдайлар комитетін арнайы техника, құрал-жабдық және көлікпен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген ақша тым аз деген мәселе көтерді. Және бұл салаған жылда миллиондар берілгенімен, қырауар қаржы тиімді игерілмейді. Сонықтан сенаторлар құтқарушылар мен Ұлттық ұланның бюджетін Ішкі істер министрлігінің жалпы шығынынан бөлек есептеуді талай рет ескерткен екен. Бірақ бұған ешкім құлақ аспаған. Қалмұханбет Қасымов Төтенше жағдайлар комитетінің бюджетін бөлек қарауға қарсы емеспіз деп отыр. Бірақ тек өрт сөндірушілерге ғана емес, түрмедегілердің тамағына және көлік жүргізу куәлігін шығаруға да теңге тапшы дейді министр.

“Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде түрмедегілердің тамағына ақша жетпейді. Ішкі істер министрлігінің өзінде де қиындықтар бар. Жүргізуші куәлігін жасауға бөлінген қаржы таусылғандықтан, тамыз-қыркүйекте куәлік басып шығаруды тоқтатуымыз мүмкін”, – деді Қасымов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары