Тараз теміржол вокзалының басшысы мен орынбасарының жұдырықтасқан сәттегі видеоны «NewTimes.kz» порталына оқырманның бірі жіберген.
Бейнебақылау камерасында төбелес осы жылдың 28 мамыр күні Тараздағы теміржол вокзалы мекемесінде болғаны көрсетілген. Бейнежазбадан ҚТЖ қызметкерлерін де аңғаруға болады.
Кабинеттен шыққан екі еркектің не себептен бір-бірімен жаға жыртысқаны белгісіз. Бірақ артындағы бірі кетіп бара жатқан қарсыласын жұдырықтай жөнеледі. Артынша төбелес басталып кеткен. Ал дәлізде тұрған қызметкерлер екеуін ажыратуға тырысады.
Оқырманның айтуынша, төбелес шығарған екеу Тараздағы теміржол вокзалының басшысы мен оның орынбасары екен. Қазіргі кезде болған жайт бойынша желілік полиция бөлімінде іс қозғалған.