14.07.2015, 18:00

Путиннің суретін алып тастады

Сурет,www.altyn-orda.kz

Алматы қаласында орналасқан «Putin pub» шағын дәмханасынның сыртына Ресей федерациясының президентінің суретін іліп қойыпты.

Осылайша дәмханаға жарнама жасамақ болған болу керек. Абырой болғанда жергілікті әкімшіліктің қарсылығымен В.Путиннің суретін алып тастайтын болды. «Putin pub» қожайыны ешқандай бөтен ойының болмағанын, бұл есімді досының құрметіне осылай атай салғанын айтып ақталды. Алайда бардың іші түгелдей ресей триколормен безендірілген. Осыдан-ақ бұл кафе қазақтарға арналмағандығын көрсетіп тұр. Дегенмен «Putin pub» иесі сырттағы суретті алып тастап, мәзірді қазақшалауға уәде берді.