15.06.2018, 04:47

Шымкентте жүргізуші баланы қағып кетіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

13 маусым күні Шымкент қаласы Қаратау ауданында 12 жасар баланы қаққан көлік иесі қашып кетті. Алған жарақатынан бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Жол жиегінде тұрған көлік  кенет артқа қарай жүріп, алаңсыз ойнап жүрген баланы басып кетеді. Есінен танып құлаған бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан дереу ізін суытқан жүргізушіге іздеу салды.