$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте менингит деген күдікпен қайтыс болған ер адам мектеп бітіруші түлек боп шықты

Шымкентте менингит деген күдікпен қайтыс болған ер адам мектеп бітіруші түлек боп шықты. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына таңға жақын дене қызуымен түсіп, бір сағатқа жетпес уақытта көз жұмды деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«15 маусымда сағат 06.25-те Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозымен 2000 жылғы науқас жансақтау бөліміне түсіп, сағат 07:05-те қайтыс болды. Науқасқа қойылған «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозы негізінде алынған зертханалық материалдар зерттеліп, қорытынды диагноз қойылатын болады», делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының таратқан баспасөз хабарламасында.

Әзірге белгілісі, бақилық болған түлек қаладағы №9 мектеп лицейінде оқыған. Ол бүгін мектепті бітіргені жөнінде аттестат алуы керек болған.

Айта кетейік, өңірде биыл менингитті 4 адам жұқтырып, 2 бала қайтыс болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары