Атырауда дәрігерлер оң жақ омырауы ауырып келген әйелге қате диагноз қойып, төсін алып тастаған деп жазады Мой город.
Оқиға 2016 жылы болған. Оң жақ төсі ауырып келген әйелге диагноз бірден қойылмай, науқастың жағдайы нашарлаған. Кейін дәрігерлер оны онкодиспансерге жіберіп, Атырау сот-сараптамалық институтының мамандары жүргізген экспресс-биопсия нәтижесінде диагнозы қатерлі ісік деп қойған. Операция жасалып әйелдің төсін алып тастағаннан соң оның қатерлі ісікпен ауырмағаны белгілі болған.
Жәбірленуші Атырау №2 қалалық емханасы мен Атырау облыстық онкологиялық диспансерін сотқа беріп, моральдік – 3,5 және материалдық шығын ретінде – 20 миллион теңге талап етті. Сот қарсы тарапқа материалдық шығын ретінде 3 миллион 130 мың 200 теңге, моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге төлетуге шешім шығарды.