$ 498.34  519.72  4.85

Қызғанғаннан ұрады: Желіде камелетке толмаған бойжеткен жігітмен жақындасып қойғанын айтып көмек сұрады

Ана – қыз баланың сырласы болса, аборт азаяр еді, өз шаранасын далаға туып кетпес еді, көкек аналар көбеймес еді, қыз бала жігіттің бір ауыз сөзіне алданбас еді. Анамен де бауырмен де сырласа алмаған бойжеткендердің бірі жатты жақын көріп, жұрттан көмек сұрады. Автордың хатын өзгеріссіз беріп отырмыз.

«Мені мазалап жүрген үлкен қиындық бар. Бір жігітпен жүріп жүргенімізге 3 жылдай болды. Қызғанғыннан ұрады.  Жұрт бар, қарап тұр-ау демейді. Қанша рет ол оқиға қайталанды. Мен оны сүймеймін. Кетіп қалайын десем тағы соққы астында қаламын. Айрылысайық десем, балағаттап шығады.

Екеуміздің ара-қатынасымыз жақын. Кәмелет жасқа да толмадым. Мейлі ешқашан келін атанбай-ақ қояйын. Өзіме қол салуға да тырыстым. Ішім алай-дүлей. Жасаған қателігімнің жазасын алсам деймін. Не істеймін. Ақыл беріңіздерш», – деп жазды автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары