18.06.2018, 06:11

Жапонияда жойқын зілзала болды: 200-ден аса адам зардап шекті

Жапонияда жойқын зілзала болып, 200-ден аса адам зардап шеккен, үш адамның қаза тапқаны расталды деп хабарлайды РИА Новости.

Қолда бар мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде 9 жастағы қыз бар. 

Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі бүгін таңғы уақытта болған. Жерасты дүмпулері жапон жүйесі бойынша алтыдан жетіге дейінгі аралықта болған. 

Дереккөз: Тengrinews.kz